Аудан әкімі Сулыкөл, Аққозы, Саралжын ауылдық округ тұрғындарымен кездесті

Аудан әкімі Сулыкөл, Аққозы, Саралжын ауылдық округ тұрғындарымен кездесті

24 қараша күні Қаратөбе ауданының әкімі Қ.Сүйеуғалиев Сулыкөл, Аққозы, Саралжын ауылдық округ тұрғындарымен кездесті.

Округ әкімдерінің есеп мерзімде атқарған жұмыстары тыңдалған жиында аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев аудан көлемінде жүзеге асып жатқан және алдағы уақытта жүзеге асатын жобаларға тоқталып, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтар мен ұсыныс-пікірлерді тыңдады. Кездесуден соң аудан әкімі азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.