Орталық базарда апта сайын жәрмеңке

Орталық базарда апта сайын жәрмеңке

2 қыркүйек күні аудан орталығы Қаратөбе ауылының орталық базарында ауылшарушылығы тауарлары өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Аталған жәрмеңке апта сайын ұйымдастырылуда.

Өткен сенбіде өткізілген жәрмеңкеде Қаракөл, Жусандой, Сулыкөл, Егіндікөл, Қаратөбе ауылдық округтерінің кәсіпкерлері қол жетімді бағамен халыққа тауарларын ұсынған болатын.

Бүгінгі жәрмеңкеге ертемен орталық базарға келген аудан тұрғындары табиғи таза өнімдерді сатып алуға асықты.

Жәрмеңкеде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер жеміс-жидек, көкөніс, ет, сүт өнімдерін және мал азығын ұсынды.

Айта кету керек аталмыш жәрмеңке апта сайын жалғаса бермек.

Қызмет бағыты