«Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді

«Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді

25 наурыз күні Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін мектептің 11 сынып оқушыларымен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында аудан әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі А.Карменов оқушыларға аудан әкімдігі ғимаратында орналасқан «Ашық әкімдік» фронт-офисінің жұмыстарымен таныстырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу, мемлекеттік қызметке қалай орналасуға болатындығы жөнінде ақпараттар берді.
Сонымен қатар, оқушылар іс-шара барасында аудан әкімдігі ғимаратында орналасқан бөлімдермен кездесіп, өздерін қызықтырған сұрақтары бойынша ақпараттар алды.