Ауылдық округ әкімдерінің есептік кездесулері өткізілді

Ауылдық округ әкімдерінің есептік кездесулері өткізілді
Аудан және ауылдық округ әкімдерінің есептік кездесулері Саралжын, Аққозы ауылдық округтерінде жалғасын тапты. Аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев ауылдық округтердегі білім беру нысандарын аралап, кітапхана жұмысымен танысты.
Есеп беру кездесуінде ауылдық округ әкімдерінің 2021 жылы атқарған жұмыстары туралы есептері тыңдалып, аудан басшысы өткен жылға атқарылған жұмыстарды баяндады. Сонымен қатар, аудан әкімі ауыл тұрғындары тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, жеке қабылдау жүргізді.