«ҚЫС - 2021» оқу-жаттығуы

«ҚЫС - 2021» оқу-жаттығуы
Бүгін «ҚЫС - 2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары аясында Қаратөбе ауылында ауданның жедел әрекет ету тобының саптық байқауы өтті.
Оқу-жаттығудың мақсаты – Қаратөбе ауданында қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларға Мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінің басқару органдары мен күштерінің дайындығын тексеру және анықтау. Аталған оқу-жаттығуға ауданның азаматтық қорғау қызметтері, тіршілікті қамтамасыз ету объектілері, жедел ден қою жиынтық жасақтарының қатысуда.
Саптық байқау кезінде азаматтық қорғау құрылымдары және жедел әрекет ету тобының техникалары, қызметтік міндеттер мен құрал-жабдықтары тексерілді. Сонымен қатар арнайы-тактикалық оқу-жаттығулар ұйымдастырылады.