Үшағаш ауылында ауылдың 2006 жылғы мектеп бітіруші түлектерінің ұйымдастыруымен «Туған жерге тарту» шарасы өтті. Туған ауылға деген құрмет пен жанашырлықтың айқын көрінісі болған бұл игі бастама аясында түлектер ауылдың кіре берісіне жарықтандыру жұмыстарын жүргізіп, ел игілігіне тарту етті.

Жобаға түлектер тарапынан 1 миллион теңге қаржы жұмсалып, ауылдың кіреберіс бөлігіне 10 дана көше шамы орнатылды.
Шараның ашылуына ауыл ақсақалдары, тұрғындар, жастар және аудан басшылығы қатысты. Жиында сөз алған Қаратөбе ауданы әкімінің орынбасары Ғабит Газиев туған жерге жанашырлық танытып, игі іске атсалысқан түлектерге ризашылығын білдірді.
– Бүгінгі «Туған жерге тарту» шарасы – елге деген жанашырлықтың, туған жерге деген шынайы құрметтің айқын көрінісі. Үшағаш ауылының 2006 жылғы түлектері ауылдың дамуына өз үлестерін қосып, көпке үлгі болатын игі іс атқарды. Ауылдың кіреберісіне орнатылған көше шамдары тұрғындардың қауіпсіздігі мен қолайлылығы үшін маңызды. Осындай бірлік пен жанашырлық бар жерде елдің де еңсесі биік болады. Туған жерін ұмытпай, ауыл игілігіне атсалысып жүрген азаматтарға алғысымды білдіремін, - деді Қаратөбе ауданы әкімінің орынбасары.
Сондай-ақ түлектер атынан сөз алған Нұрболат Елубайұлы бұл жобаның туған жерге деген перзенттік парыз екенін жеткізді.
– Бұл жобаны ұйымдастырып, ауылдың ажарын кіргізу – барлығымыздың ортақ мақсатымыз болды. Туған жерге аз да болса үлес қосу – әр түлектің азаматтық борышы деп білеміз. Ауылымыздың көркеюі, тұрғындардың жайлы өмір сүруі біз үшін өте маңызды. Осы бастама арқылы біз тек жарық орнатып қана қойған жоқпыз, сонымен бірге туған жерге деген сағынышымыз бен құрметімізді білдірдік. Алдағы уақытта да ауылдың дамуына қолдау көрсетуге, игі істерді жалғастыруға әрқашан дайынбыз. Туған жер – әрқайсымыз үшін қымбат мекен, сондықтан оның гүлденуіне үлес қосу – біздің парызымыз, - деді ол.
Шара барысында лента қию рәсімін аудан әкімінің орынбасары Ғабит Газиев пен түлектердің бастауыш сынып жетекшісі Алма Нарегейқызы жүргізді.