Сәуір айының 28-і күні Қаратөбе ауданына қарасты Жусандыой ауылдық округінің орталығы Жусандыой ауылында аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиевтің төрағалығымен «Ауыл тынысы: пікір және ұсыныс» - атты Жусандыой ауылдық округі тұрғындарымен кездесу жиыны өтті.

Сәуір айының 28-і күні Қаратөбе ауданына қарасты Жусандыой ауылдық округінің орталығы Жусандыой ауылында аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиевтің төрағалығымен «Ауыл тынысы: пікір және ұсыныс» - атты Жусандыой ауылдық округі тұрғындарымен кездесу жиыны өтті.
Сәуір айының 28-і күні Қаратөбе ауданына қарасты Жусандыой ауылдық округінің орталығы Жусандыой ауылында аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиевтің төрағалығымен «Ауыл тынысы: пікір және ұсыныс» - атты Жусандыой ауылдық округі тұрғындарымен кездесу жиыны өтті.
Аталмыш жиынға «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Азамат Сафималиев, облыстық басқармалар өкілдері, аудандық мәслихаттың депутаттары және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
Кездесу барысында – «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Азамат Сафималиұлы облыс аудандарын аралап, елді-мекендер тұрғындарымен кездесу барысында олардың көкейінде жүрген мәселелер мен ұсыныстарын тыңдап, айтылған мәселелер мен ұсыныстарды жоғары жаққа жеткізіп, қорғайтынын тілге тиек етті.
Кездесу барысында А.Сафималиев күн тәртібіне сай Жусандыой ауылының тұрғындарын пікір және ұсыныстар айтуға белсенді болуға шақырып, партияның 2023-2026 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша атқарылған және алда атқарылатын жоспарлы жұмыстарға тоқталып өтті.
Жиналыста сөз алған аудандық мәслихаттың төрағасы Нұрлан Меңдешов аудандық мәслихат депутаттарының атқарған жұмыстарын баяндап, мәслихат депутаттары тарапынан ауданда атқарылған игі істерді атап айтты.
Жусандыой ауылдық округіне қарасты Ханкөл ауылының тұрғыны, ардагер ұстаз Ғабдрахман Бисеғұлов округ халқының көкейінде өзекті мәселе болып келе жатырған жол қатынасына тоқталып, округ халқы атынан аудан орталығынан Жусандыой ауылына, Жусандыойдан - Ханкөл ауылына, Ханкөлден республикалық маңыздағы Самара-Шымкент тас жолына дейінгі жол аралығына жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы ұсынысын жеткізді.
Сонымен қатар Ғ. Бисеғұлов ауылдағы салынған үйлер бағасының қымбаттығын алға тартып, ол үйлерді тұрғындардың алғысы келмейтіндігін жеткізді. Үй бағасын төмендетіп, мәселені шешу жолдары қарастырылса деген ойын да ұсынды.
Партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы А.Сафималиев жиналыста халық тарапынан айтылған мәселелерге қатысты жайларды аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиевпен бірге округке қарасты Ханкөл ауылынан бастап қарап, көріп келе жатырғанын және оларды жоғары жаққа жеткізіп, шешу жолдары қарастырылатынын айтты.
– Округтің тыныс-тіршілігімен таныстым. Ауыл тұрғындары тарапынан айтылған өзекті деген мәселелерді тиісті орындарға жеткіземіз. Аудан басшысы Қадыржан Орынбасарұлы осы жердің азаматы, әр мәселені әркез бақылауында ұстап,мәселені шешіп отыратын басшы. Қазір округте жол мәселесінің өзекті болып отырғанын көріп отырмыз. Бұл мәселе де уақытымен шешіледі деген сенімдеміз, – деді Азамат Сафималиұлы.
Жиналыстан кейін «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Азамат Сафималиұлы және іс-шараға арнайы келген облыстық жер ресурстарын басқару департаменті басшысының орынбасары Тахир Нұрахметов, облыстық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Асылбек Каналиев, облыстық мәдениет, тілдерді және архив ісі басқармасының өкілі Алтынбек Ермекқалиев, облыстық жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы Дияр Сұлтанғалиев, облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілі Миргүл Құрманбаева, облыстық білім басқармасының өкілі Нұргүл Сұлтанова қабылдаулар жүргізді.
Жиналысты қорытындылаған аудан әкімі Қадыржан Орынбасарұлы күн тәртібіндегі өзекті болып отырған жол мәселесі бойынша жол жөндеу жұмыстарына байланысты қаражат алдағы жылдан бастап қарастырыла бастайтындығын жеткізді.