logo

Меню

Страницы

Статья

Теректі ауданының Әкімдігі Ауылшаруашылығын жүргізу үшін арналған жер телімін беру үшін конкурсын 2022 жылдың 09 қыркүйектегі сағат 10.00-де Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Федоровка ауылы Сұңқар көшесі 18 мекен-жай бойынша Теректі ауданы Әкімдігінің кіші залында өткізеді.

 

 

Теректі ауданының Әкімдігі Ауылшаруашылығын жүргізу үшін арналған жер телімін беру үшін конкурсын 2022 жылдың 09 қыркүйектегі сағат 10.00-де Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Федоровка ауылы Сұңқар көшесі 18 мекен-жай бойынша Теректі ауданы Әкімдігінің кіші залында өткізеді.


                                                                                              Жер телімінің тізімі

 

Лот №

Жер телімінің қысқаша мазмұны, соның ішінде: құрамы мен түрлері, бонитет балы (әрі қарай – балл б.)

Ауданы,
га

Жалға беру мерзімі, жыл

Жер телімінің орналасқан жері (шаруашылық пен елді мекен арасының орташа қашықтығы)

1

жайылым – 764 га,  орташа балл б. - 21

764

10

Ақжайық а/о, Сүттігенді а. дейін  – 2,2 км

2

егістік – 329 га,  орташа балл б. - 29

329

10

Богдановка а/о,  Богдановка  а. дейін   – 4,1 км

3

егістік – 245 га,  жайылым – 236 га, басқа жерлер – 19 га,  орташа балл б. – 29, 20

500

10

Богдановка а/о,  Богдановка  а. дейін   – 1,7 км

4

 

жайылым – 113 га ,  орташа балл б. - 30

113

10

Покатиловка а/о, Покатиловка  а. дейін   – 7,1 км

5

жайылым – 1611 га,  орташа балл б. - 19

1611

10

Шағатай а/о, Карабас а. дейін  – 2,1  км

6

жайылым – 858 га,  орташа балл б. - 16

858

10

Шалқар а/о, Сары Умир  а. дейін   – 9,1 км

7

жайылым – 600 га,  орташа балл б. - 16

600

10

Шалқар а/о ,  Шалкар  а. дейін   – 2,7 км

  (Мәтіндегі қысқартылым: балл б.- бонитет балы, а/о. - ауылдық округ, а. - ауыл, қ.- қала)Жер телімін беру шарты – ауылшаруашылығын жүргізу үшін. Міндетті талап - мақсатқа сәйкес жерді ұтымды пайдалану.

Конкурсқа қатысушы ретінде тіркелу үшін жеке басын куәландыратын құжат және конкурстық өтінім беру қажет.

Конкурстық ұсыныста болуы қажет:

1) конкурсқа қатыға арналған өтінім;

2) конкурстық ұсыныс;

 Конкурстық ұсыныста:

      1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

      2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау;

       3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 268 бұйрығымен бекітілген (мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11549 болып тіркелген) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуы тиіс.

      Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.

Конкурстық ұсынысты, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде "шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс" және " жылғы __________"_____ " дейін ашуға болмайды" (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.

Конкурсқа қатысушыларды тіркеу мына мекен-жай бойынша жүргізіледі: Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Федоровка ауылы Сұңқар көшесі 20 үй Теректі ауданының жер қатынастары бөлімі. Конкурстық құжаттарды қабылдау 2022 жылдың 17 тамызда бастап 2022 жылдың 08 қыркүйек күні сағат 12.00 – де аяқталады.

 Конкурс бойынша қосымша ақпаратты (өтінім формасы мен конкурс ережелері) келесі сайт бойынша қарауға болады: https://www.terekta-bko.gov.kz/ немесе телефон арқылы 8(71132)-23-3-49 - «Теректі ауданының жер қатынастары бөлім» ММ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
18 июля 2022
Дата обновления
18 июля 2022
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

16 октября 2026
Инфографики....
09 сентября 2026
Аққозы ауылдық округі әкімінің сайлауы
03 августа 2026
Аудиоролики

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы