
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43-1-бабына және Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 бұйрығына сәйкес Жаңақала ауданы әкімдігі 2022 жылғы 6қыркүйеккүні сағат 11:00-де ҚР, БҚО, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы, Х.Достығы көшесі 44а мекенжайы бойынша шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс өткізеді.
Конкурсқа шығарылған жер учаскелерінің тізбесі
|
№ |
Орналасқанжері |
Жер көлемі, гектар |
Жалға беру мерзімі, жыл |
Алқаптардыңқұрамы |
Бонитет балы |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
1. |
Жаңақазан ауылдық округі |
500 |
10 |
498 гектар жайылым, 2 гектар басқалай жерлер |
6 |
|
2. |
Жаңақазан ауылдық округі |
500 |
10 |
498 гектар жайылым, 2 гектар басқалай жерлер |
6 |
|
3. |
Жаңақазан ауылдық округі |
450 |
10 |
448 гектар жайылым, 2 гектар басқалай жерлер |
6 |
|
4. |
Пятимар ауылдық округі |
400 |
10 |
398 гектар жайылым, 2 гектар басқалай жерлер |
9 |
|
Барлығы: |
1850 |
|
Жоғарыдағы барлық учаскелер сумен қамтамасыз етілмеген.
Өңірдің ауыл шаруашылығына мамандануы: мал шаруашылығы.
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң 2022 жылдың 15 тамыз5 қыркүйек аралығында, сағат 09.00 -дан бастап сағат 17.00 аралығында өтінім қабылдау және тіркеу жүргізіледі.Өтінімді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» № 518 бұйрығымен бекітілген қағидаға көрсетілген талаптарға сәйкес қабылданады.Конкурсқа қатысуға арналған өтінімде Жер кодексінің 43-1-бабының 9-тармағында көрсетілген мәліметтер қамтылуы тиіс.
Жеке және заңды тұлға болып табылатын қатысушы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынады:
тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралымәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерініңмөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушыларынемесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралымәліметтер:
Жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басынкуәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендірунөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;
2) Өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;
3) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;
4) конкурстық ұсыныс;
5) Өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуүшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстыңжеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығыөндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жерпайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үшжұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.
Конкурстық ұсыныста:
алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатынагротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауылшаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарыныңсаны);
2) Шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығыинфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау;
3) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда,Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануынасәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандырубойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды,фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуғатиіс.
Конкурстық ұсыныстың беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтінсиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар(немесе сенімді өкіл) үшін – қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін – біріншібасшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.
Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде "шаруа немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беружөніндегі конкурс" және 2022жылғы__________"_____ " дейін ашуға болмайды" (ашудың нақтыкүні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.
Конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің орналастыру схемасымен аудандық жерқатынастары бөлімінде, Жаңақала ауданы әкімі аппаратының интернет ресурсынан және Батыс Қазақстан облысының геоақпараттық порталының «Сауда-сатыққа шығарылған жерлер – байқаулар» бөлімінде танысуға болады.