logo

Меню

Страницы

Статья

Another PSC sector has opened in Uralsk

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы тағы бір жаңа сектор ашты. Енді Орал қаласының тұрғындары жылжымайтын мүлікті Самал көшесі, 82 мекенжайындағы құрылыс компаниясының сату кеңсесінде ресімдей алады.

Бұрын азаматтар жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату шартын ресімдеу үшін ХҚКО-ға немесе нотариустарға жүгінуге тиіс болатын. Енді "SUN CITY NEXT" ТК-нен пәтер сатып алған азаматтар компанияның сату кеңсесінде "Нотариалды куәландырылмаған мәміле жасау және жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызметін ала алады.

         "Жаңа сектордың ашылуы сатып алушыға жылжымайтын мүлікке меншік құқығын құрылыс компаниясының сату кеңсесінде нотариустың қатысуынсыз тіркеуге мүмкіндік береді. Осылайша, клиенттер  жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату шартын жасауға арналған уақыты пен ақшалай қаражатын үнемдейді", - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Надир Құрымбаев.

Жылжымайтын мүлікті ресімдеу кезінде ХҚКО мамандары сатып алу-сату шартын жасайды, мәміле жасайтын тұлғалардың қолдарының түпнұсқалығын, олардың құқықтық қабілеттілігін тексереді. Содан кейін жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу 1 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Мәміле жасау үшін сатып алушы жұбайының нотариалды куәландырылған келісімін немесе сатып алынатын мүліктің меншік иесі некеде тұрмайтындығы туралы өтініш беруі керек.

Айта кетейік, бұған дейін дәл осындай сектор С.Тюленин көшесі, 47/1 мекенжайында ашылған болатын.

 

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясының

Батыс Қазақстан облысы бойынша

филиалының баспасөз қызметі

Дата публикации
30 марта 2023
Дата обновления
30 марта 2023
Тип
Useful information

Сейчас читают

18 марта 2024
Emergency work
18 марта 2024
Spring Saturday
15 марта 2024
Flood prevention is a top priority

Социальные медиа

Меню подвал

State of the Nation Address of the President of Kazakhstan
Website of the President of Kazakhstan
Website of the Prime Minister of Kazakhstan
Digital transformation concept
Life situations
National symbols
Terms and explanations
Central communications service under the President of the RK
Screen Reader
Құпиялылық саясаты