
Қаратөбе ауданы бойынша қазірігі таңда 60 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түрі көрсетілуде.
2022 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік көрсетілген қызметтерге мониторинг жүргізу нәтижелеріне сәйкес 8 ауылдық округ, АХАЖ қызметі мен 7 аудандық дербес бөлімдерімен барлығы 6413 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Соның ішінде:
- Қызметті берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы – 3954 қызмет;
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» арқылы –914;
- көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 5;
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 261;
- «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы – 732 қызмет, «Е-Лицензиялау» арқылы электронды түрде – 547 қызмет көрсетілді.
Есепті кезеңде 33 мемлекеттік қызмет көрсетуден негізді бас тартылды.
2022 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау жүргізу іс-шараларының жоспары бойынша 6 мекемеге ішкі бақылау іс-шарасы жүргізіліді. Ішкі бақылау барысында барлығы 10 кемшілік анықталды. Анықталған кемшіліктер бойынша 12 ұсыныс беріліп, барлығы толықтай орындалды.
2022 жылдың 4 тоқсанында «Қаракөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-не ішкі бақылау іс-шарасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің арнайы маманымен бірлесіп жүргізілді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелерін талқылауға салуды және сапасын арттыру бойынша қоғамдық ұйымдармен де ұйымдастырылып келеді. 2022 жылы аудандық Қоғамдық кеңесте аудан әкімі аппараты, Қаратөбе ауылдық округі әкімі аппараты, аудандық экономика және қаржы бөлімі, аудандық ТҮКШ, ЖТ және АЖ бөлімі, аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт, жер қатынастары бөлімдерінің есептері тыңдалды.
2022 жылдың нәтижесі бойынша қызмет алушылар тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына қатысты арыз-шағымдар болған жоқ.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алушылар арасында 2022 жылғы алған қызметтерін бағалап шығу мақсатында сауалнама жүргізіліп, нәтижесінде жалпы 201 қызмет алушы сауалнамадан өтті.
2022 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметтерді көрсетілуін, соның ішінде электронды түрде алуын тұрғындарға түсіндіру бойынша аудандық «Қаратөбе өңірі» газетіне 8 мақала жарияланды.
Сонымен қатар, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердың сапасын арттыру мақсатында 14 дөңгелек үстел ұйымдастырылып, аудан әкімдігінің және аудандық Қорғаныс істері бөлімінің facebook парақшаларында тікелей эфир арқылы 3 рет онлайн жәрмеңке өткізілді.
Жалпы аудан бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру және электронды көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді насихаттау мақсатында барлығы 33 іс-шара ұйымдастырылып, оған 363 тұрғын қатыстырылды.
Қаратөбе ауданы бойынша 8 ауылдық округ әкімі аппараттарында және аудан әкімдігі ғимаратында, барлығы 9 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары бар. 2022 жылы барлығы 924 қызмет өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары арқылы көрсетілді.