Жиі қойылатын сұрақтар
1. Атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасы мүшелері.
2. Көп балалы отбасы ретінде жәрдемақы алатын ерлі-зайыпты.
3. Мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы алатын адам.
4. Мүгедектер.
5. Қоныс аударушы қандастар.
6. Асыраушысынан айырылғаны туралы жәрдемақыны алушылар.
Гранттар қаражаты еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды, жануарларды, малды, құстарды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды, өсімдіктерді, коммерциялық жылжымайтын мүлік объектілерін жалға алу, ақысы ретінде нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылады.
Қаратөбе аудандық маслихатының 2022 жылғы 22 қаңтардағы №2-1 «Қаратөбе ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешімі негізінде жан басына шаққандағы орташа табыстары күнкөріс деңгейінен аспайтын азаматтарға (отбасыларға) әлеуметтік-тұрмыстық қажеттіліктеріне 15 АЕК мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек төленеді.
Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауылдық округтің әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды тапсырады:
-жеке басын куәландыратын құжат;
-адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәлімет.