Қаратөбе ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті және кезектен тыс отырыстары 2026 жылғы 23 ақпан күні аудан әкімдігі ғимаратында өтті.

         Қаратөбе ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті және кезектен тыс отырыстары 2026 жылғы 23 ақпан күні аудан әкімдігі ғимаратында өтті.

         Күн тәртібінде үш мәселе қаралды, оның бірі «Кәмелетке толмағандардың панасыз, қараусыз қалуының алдын-алу, өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларды анықтау, қолайсыз отбасылардың жағдайы туралы» тақырыбында Қаратөбе ауылдық округінің әкімі Сайнов Ермек Бекболатұлы, Жусандой ауылдық округінің әкімі Бақытжанов Бекболат Рахымғалиұлы және екіншісі «Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету туралы» тақырыбында Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің басшысы Ғарапшиев Берікжан Ғарапшаұлы, үшіншісі «Мұхит атындағы ЖОББМ-нің 10-сынып оқушылары Серік Бекзат Беркінұлы, Нұртайұлы Фархат, Ринатұлы Ершат туралы» тақырыбында  Қаратөбе аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмаған істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты Рысбаев Бекжан Наурызбекұлы хабарламалар жасады.

         Аталған мәселелер комиссия мүшелері тарапынан талқыланды.          Жиын соңында комиссия төрағасы Шайжанов Мұхтар Мерекеұлы жауапты мекемелерге тиісті тапсырмалар берді.

Дата публикации
24 февраля 2026