Ауданда "Жас сайлаушылар клубы" құрылды

Ауданда "Жас сайлаушылар клубы" құрылды

 

 

          25 тамыз 2025 жылы Қаратөбе ауданының  аумақтық сайлау комиссиясының кезекті отырысы оздырылыды. Кеңеске комиссия мүшелері, ауданның белсенді жастары, БАК өкілдері, аудандық ішкі саясат бөлімінің мамандары қатысып, күн тәртібіндегі  маңызды бастама – "Жас сайлаушылар" клубын құру мәселесі қаралды.

         Отырыс күн тәртібіне сай Қаратөбе ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 28.07.2025 жылғы №9 қаулысымен бекітілген Қаратөбе ауданының  аумақтық сайлау комиссиясы жанындағы «Жас сайлаушылар» клубының ережесі таныстырылып, клубтың құрылуы ресми түрде бекітіліп, төрағасы сайланды.

Клубтың мақсаты - жастардың сайлау процесіне деген қызығушылығын ояту, жастар арасында сайлау мәдениетін қалыптастыру, саяси-құқықтық сауаттылықты арттыру және белсенді азаматтық ұстанымды дамыту; Азаматтық жауапкершілік пен патриоттық сананы дамыту, болашақ сайлаушылар ретінде жастарды демократиялық құндылықтарға тәрбиелеу.

Клубтың міндеттері -жастарға сайлау жүйесі, сайлау құқығы туралы ақпарат беру, сайлауға қатысудың маңыздылығын насихаттау.

Практикалық тренингтер мен кездесулер өткізу, әлеуметтік желілерде жастарға арналған ақпараттық контент дайындау. Ерікті, байқаушы немесе көмекші ретінде жастардың сайлау процесіне қатысуын қамтамасыз ету.

        Отырыс барысында «Жас сайлаушылар» клубының ережесіне сай клубтың мүшелері нақтыланып, жастар клубтың төрағалығына аудан жастары арасында белсенділігімен танылған, Айгөлек Андированы   сайлады.

Ол алдағы уақытта аудан жастарын біріктіріп, сайлау мәдениетін насихаттауға, жастарды ақпараттандыруға күш салатынын жеткізді.

Сондай-ақ, "Жас сайлаушылар " клубының жылдық жұмыс жоспары да қабылданып, алда атқарылатын іс-шаралардың бағыты айқындалды.

      Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының айтуынша, мұндай клубтар жастардың мемлекет ісіне бей-жай қарамай, саналы азамат болып қалыптасуына үлкен ықпал етеді.

– «Бұл тек клуб құру ғана емес, жастардың болашақта жауапты сайлаушы болуына бағытталған нақты қадам. Жастар өз құқықтарын біліп, оны дұрыс қолдануды үйренуі керек. Саналы сайлаушы – әділетті қоғамның тірегі, – дейді комиссия төрағасы.

      "Жас сайлаушылар" клубының құрылуы – ауданымыздағы жастар қозғалысының жаңа белесі. Бұл клуб – өскелең ұрпақтың азаматтық белсенділігін арттырып, еліміздің демократиялық дамуына үлес қосуына мүмкіндік береді.

       Клуб жұмысы арқылы жастар сайлау мәдениетін меңгеріп, жауапкершілік пен ел тағдырына деген саналы көзқарас қалыптастырады. Бұл – болашақ көшбасшылардың алғашқы баспалдағы.

Ендеше жаңадан құрылған «Жас сайлаушы» клубына табыс тілейміз!

Ел болашағы – белсенді жастардың қолында!

Дата публикации
03 февраля 2026