Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша талдамалық анықтама
Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша
талдамалық анықтама
- Жалпы ақпарат
2025 жылы 2 768 қызмет көрсетілді.
Соның ішінде,
- көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны - 217
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 336
- көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) саны - 0
- көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 0
- Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген - 184
Электрондық түрде көрсетілген қызметтер саны:
www.egov.kz портал арқылы - 156
www.elicense.kz порталы - 457
Ақпараттық жүйелер арқылы(Есобес, kezekte.kz, baspana market)–1360
Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсетуден негізді бас тарту саны – 0.
Мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 1.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны 42, оған 1201 тұрғын тартылды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілік арттыру курсынан өткен тұлғалар саны – 4. Жоспар бойынша оқытылуға тиіс мамандар биылғы жылы толықтай біліктілігін арттыру курстарынан өтті.
Қаратөбе ауданы әкімі аппараты басшысының 2025 жылға мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау жүргізу іс-шараларының жоспары бекітілген «Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамаларды сақтау бойынша ішкі бақылау іс-шараларын жүргізу жоспарын бекіту туралы» 2024 жылғы 9 желтоқсандағы №43-НҚ бұйрығын негізге ала отырып 4 ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді, бұзушылықтар анықталмады.
11
08 қаңтар 2026 10:07
08 қаңтар 2026