Қаратөбе ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысы 2025 жылғы 28 қараша күні аудан әкімдігі ғимаратында өтті.
Күн тәртібінде бір мәселе қаралды. «Қолайсыз отбасы» есебіне тіркелген Үшағаш ауылының тұрғыны Н.Ахмедияровтың отбасы туралы Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің маманы Есказиева Іңкәр Ересқызы хабарлама жасады.
Аталған мәселелер комиссия мүшелері тарапынан талқыланды. Жиын соңында комиссия төрағасы Шайжанов Мұхтар Мерекеұлы жауапты мекемелерге тиісті тапсырмалар берді.