ҚАРАТӨБЕ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ
КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ
Қаратөбе ауылы №13 2025 жылғы 15 қазан
Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы,
Қаратөбе ауданы, Егіндікөл ауылдық округі әкімінің
сайлауын 2025 жылғы 23 қарашаға тағайындау туралы.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармақшасына, 113-1-бабының 1-тармағы 1)-тармақшасына және 2-тармағына сәйкес, Қаратөбе ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының Егіндікөл ауылдық округі әкімінің сайлауы 2025 жылғы 23 қарашаға тағайындалсын.
- 2025 жылғы 23 қарашаға тағайындалған Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданының Егіндікөл ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Сайлау шаралары «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
- Осы қаулының көшірмесі Қаратөбе ауданының әкіміне жолдансын.
- Осы қаулы Қаратөбе ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында және аудандық қоғамдық-саяси «Қаратөбе өңірі» газетінде жариялансын.
- Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Төраға: Б.Жүсіпқали
Хатшы: Е.Ғабдраш