🔰Сулыкөл ауылдық округінде Қазақстан халқы тілдері күніне орай “Ана тілім - ата бабам мұрасы” атты іс-шара оздырылды.
🔸Шарада алғашқы сөз кезегін Мәдениет үйі меңгерушісі Ж.Нұрбергенқызы сөйлеп оқушыларға тіліміздің тарихын, қасиетін айтып “Тілдер күнімен” құттықтады. Шарада бейнеролик көрсетіліп, әдеби монтаж оқылды. Оқушыларға мақал-мәтелдер, жұмбақтар жасырылып, жауабын дұрыс тапқан оқушыларға шағын сыйлықтар берілді.
🇰🇿Тілдер күні құтты болсын!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!