Акция «Таза бейсенбі» продолжается

«Таза бейсенбі» акциясы жалғасын табуда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» ұлттық жобасының міндеттерін орындау мақсатында, «AMANAT» партиясы қолға алған «Таза бейсенбі» партиялық акциясы аясында Қаратөбе ауданында кезекті сенбілік ұйымдастырылды.

Шараны «AMANAT» партиясы Қаратөбе аудандық филиалы ұйымдастырды. Акцияға Қаратөбе аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Серік Фариза Бауыржанқызы қолдау білдірсе, Қаратөбе аудандық спорт клубының ұжымы белсене қатысты. Бұл жолғы сенбілік Қаратөбе ауылының тарихи маңызы зор нысандарының бірі — «Алаш» паркінде өткізілді.

Айта кету керек, 1918 жылы дәл осы Қаратөбе ауылында Алаш зиялыларының қатысуымен Батыс Алаш Орда съезі өткен болатын. Сол тарихи жиында патша үкіметінен кейінгі қазақ елінің тағдырына қатысты маңызды шешімдер қабылданған. Географиялық тұрғыдан Қаратөбе сол кезеңде стратегиялық маңызы жоғары, орталыққа жақын орналасқан елді мекендердің бірі болған.

Алаш Орда басшылығының, әсіресе Батыс Алаш Орда өкілдерінің Жымпиты мен Қаратөбе өңірінде белсенді қызмет атқарғаны тарихтан белгілі. Осы тұрғыда, Алаш мұрасын дәріптейтін «Алаш» паркі мен музейінің тазалығы мен көркеюіне үлес қосу — әрбір аудан тұрғынының азаматтық борышы деп білеміз.

Дата публикации
29 сентября 2025