Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының тұрақты дамуын, энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғыртуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанда көппәтерлі тұрғын үйлерді (КТҮ) басқарудың жаңа тетігі қабылданып, енгізілді.
Көппәтерлі үйлердегі басқару субъектілері маңызды функция атқарады, сондықтан олардың КТҮ мүлкі иелерінің алдындағы жауапкершілігін арттыру қажеттілігі туындайды.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының заңнамасында кондоминиум нысандарын басқарудың келесі субъектілері айқындалған:
Екі нысан да қолданыстағы әрі тең құқықты тетіктер болып табылады және тұрғындарға үйдің нақты жағдайына, оны күтіп ұстауға арналған қаржылық мүмкіндіктеріне, сондай-ақ тұрғындардың тартылған ұйымдардың техникалық пайдалану ережелері мен қаржылық тәртіпті сақтау жөніндегі іс-шараларға қатысуға дайындығына қарай ең қолайлы басқару үлгісін таңдауға мүмкіндік береді.
Мүлік иелері бірлестігі (МИБ) нысаны болған жағдайда, жиналыс хаттамасымен бекітілген БК немесе ПИК өз қызметін Шарттың негізінде жүзеге асырады, ал ПИК жағдайында – Үлгі жарғы мен шарт тармақтарын сақтау міндетті болып табылады. Жиналыс хаттамасы мен шартта жылдық шығыс сметаларын бекіту қарастырылуы тиіс, өйткені тариф сметаға сәйкес бекітіледі, сондай-ақ тараптардың міндеттері мен жауапкершілігі белгіленеді.
Мүлік иелері тікелей басқару нысанын (ТБН) таңдаған жағдайда, басқару меншік иелерінің жиналысы хаттамасының негізінде жүзеге асырылады, онда басқару функцияларын орындау үшін нақты тұлға немесе ұйым уәкілетті етіледі. Сондай-ақ хаттама дауларды қарау кезінде ресми құжат болып табылады және әрбір басқару нысаны үшін жеке қабылдануы тиіс. Бұл ретте шығындардың жеке сметалары, қызмет түрлері және олардың мерзімділігіне қойылатын талаптар сақталады. Сондай-ақ тұрғындар қайта тіркеу барысында ПИК-ке бірігуді және оған кіруді шешкен жағдайда әр үйден бастамашыл топтар құру міндеттілігі сақталады.
ПИК-тің міндеті – заңға қол қойылған сәттен бастап бір жыл ішінде қайта тіркеуден өту және әрбір нысан бойынша бөлек жиналыстар өткізіп, басқару және оны күтіп ұстау шарттары жөнінде шешім қабылдау.
Барлық басқару субъектілерінің КТҮ-ді басқару және күтіп ұстау бойынша қызмет көрсетуге құқығы бар.
Әрбір үйге жеке есепшот ашу міндетті талап болып табылады. Бұл ашықтықты арттырады, қаражатты мақсатсыз пайдалануды болдырмайды және тұрғындарға өз қаржыларын бақылауға мүмкіндік береді.
Қосымша заң жаңа үйлерге де, басқару нысанын және пайдалану тарифін әлі таңдамаған үйлерге де уақытша басқарушы компаниялардың жұмыс істеу мүмкіндігін айқындады.
Уақытша басқарушы компанияны құрылыс салушы тұрғын үйге қоныстанған кезден бастап 2 жылға дейін тағайындай алады. Бұл мүлік иелері шешім қабылдағанға дейін үйдің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған.
Егер басқару нысаны таңдалмаған жағдайда, тұрғын үй инспекциясы МИБ немесе ТБН құрылғанға дейін уақытша басқарушы компанияны мерзімсіз тағайындауға құқылы. Мұндай тәсіл жыл сайынғы конкурстардан құтылуға, тұрғын үй қорын күтіп ұстауда тұрақтылықты қамтамасыз етуге, сондай-ақ үйлерді жылыту маусымына уақытылы дайындау және апаттық жағдайлардың алдын алу үшін рәсімдерді жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Өзгерістер аясында басқару субъектілеріне қолданылатын айыппұлдардың жаңа мөлшері қабылданды. Қосымша бақылау тетігі ретінде субъектінің нысандағы қатысуы немесе шарт мерзімінің аяқталуы туралы мемлекеттік органдарда тіркеуден өту міндеттілігі енгізілді.