Хабарландыру
2025 жылдың 15 сәуірінде «Қаратөбе өңірі» газетіне хабарлама беріліп, ҚР Жер Кодексінің 43-1 бабына сәйкес Қаратөбе ауданы әкімдігінің «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру» үшін Қоскөл және Сулыкөл ауылдық округтері бойынша 2025 жылғы 05 маусымда сағат 10-00 де өткізілуге тиісті конкурс, ҚР АШМ 2018 жылғы 27 тамыздағы №359 бұйрығымен бекітілген «Жер комиссиясы» туралы ереженің 10 бабына сәйкес, комиссия төрағасының жұмыс бабымен іс-сапарда (оқуда) болуы себепті кейінге қалдырылғандығын хабарлаймыз. Конкурс өтетін уақыт қосымша хабарланатын болады. Қосымша мәліметтерді Қаратөбе аудандық жер қатынастары бөлімінен алуға болатындығын қаперлейміз. (Мекен-жай: Мұхит көшесі №90. Жұмыс тел:31-4-24)