Терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы

Қаратөбе ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиевтің төрағалығымен 2025 жылғы 03 маусым күні өткізілді.

Комиссия отырысының күн тәртбінде «Қаракөл, Саралжын, Аққозы ауылдық округтеріндегі терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу және таралу шарттарын болдырмау мақсатындағы жұмыстар туралы» Қаракөл ауылдық округінің әкімі Э.Амантаев, Саралжын ауылдық округінің әкімі Д.Оразақаев және Аққозы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Ж.Бердіғалиева хабарлама жасады.

Жиын соңында комиссия төрағасы Қ.Сүйеуғалиев тиісті мекемелерге және округ әкімдеріне тапсырмалар берді.

Дата публикации
03 июня 2025