ҚАРАТӨБЕ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ
КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ
Қаратөбе ауылы №3 2025 жылғы 14 мамыр
Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы,
Қаратөбе ауданының Жусандой, Сулыкөл
ауылдық округі әкімдерінің сайлауы
бойынша сайлау округтерін құру туралы.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6-тармағына, 21-бабының 4-тармағына және 22-бабына сәйкес Қаратөбе ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Қаратөбе ауданының Жусандой ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша Жусандой ауылдық округі аумағының шекарасында - Жусандой сайлау округі құрылсын.
2.Қаратөбе ауданының Сулыкөл ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша Сулыкөл ауылдық округі аумағының шекарасында - Сулыкөл сайлау округі құрылсын.
3.Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының, учаскелік сайлау комиссияларының орналасқан жері, комиссия құрамдары және сайлау округтерінің тізімі, олардың шекарасы Қаратөбе ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында және аудандық қоғамдық-саяси «Қаратөбе өңірі» газетінде жариялансын.
4.Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Төраға: Б.Жүсіпқали
Хатшы: Е.Ғабдраш