Қаратөбе ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысының кезекті отырысы 2025 жылғы 12 мамыр күні өткізілді. Күн тәртібінде екі мәселе қаралды, Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің басшысы Б.Ғарапшиев және Қаратөбе аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Н.Сафуллин Кәмелетке толмағандар арасында теріс діни ағымның жетегінде кетіп қалмауын болдырмау және оның алдын алу жөнінде хабарлама жасады.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе кәмелетке толмағандардың панасыз, қараусыз қалуын болдырмау, өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларды анықтау бойынша жүргізілген жұмыстарыжөнінде Егіндікөл ауылдық окоугінің әкімі Е.Тналиев, Қоскөл ауылдық округінің әкімі Ә.Мусағалиев хабарлама жасады.
Аталған мәселелер комиссия тарапынан жан-жақты талқыланып, пысықталды. Жиын соңында комисиия төрағасы Ж.Сұлтан тиісті мекемелерге тапсырмалар берді.