Қаратөбе ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысы 2025 жылғы 24 сәуір күні аудан әкімі аппаратында өтті

Қаратөбе ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысы 2025 жылғы 24 сәуір күні аудан әкімі аппаратында өтті.

Күн тәртібінде түнгі мезгілде кәмелетке толмағандардың тойханаларда жұмыс жасауының алдын алу және оны болдырмау мәселесі қаралды.

Хабарлама жасаушы Қаратөбе аудандық полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметінің бастығы Н.Қабиев түнгі мезгілде тойхналарда  кәмелетке толмағандардың жұмыс жасау фактілері болғаны туралы айтып өтті.

Комиссия отырысына комиссия мүшелерімен қатар «Chingiz», «Өрлеу», «Мирас» тойханаларының иелері қатысты. Аталған заң бұзушылықтарға жол бермеу туралы тойхана иелеріне ескертулер жасалды.

Аталған мәселелер комиссия мүшелері тарапынан талқыланып, ұсыныстар берілді.

Жиын соңында комиссия төрағасы Сұлтан Жасұлан Кәрелұлы жауапты мекемелерге тиісті тапсырмалар берді.

Дата публикации
24 апреля 2025