Бүгін Қаратөбе аудандық мәслихатының мәжіліс залында аудандық мәслихаттың VIII шақырылымдағы кезектен тыс XXV cеccиясы өтті.

Бүгін Қаратөбе аудандық мәслихатының мәжіліс залында аудандық мәслихаттың VIII шақырылымдағы кезектен тыс XXV cеccиясы өтті.

Сессияның күн тәртібінде Қаратөбе аудандық мәслихатының 2024 жылғы 31 желтоқсандағы «2025-2027 жылдарға арналған Қаратөбе ауданының Қаратөбе, Сулыкөл, Аққозы, Саралжын, Жусандыой, Қаракөл, Егіндікөл, Қоскөл ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы ауылдық округтер әкімдері: Ермек Сайновтың, Бағдат Зайнуллиннің, Асхат Тойшыбаевтың, Самғат Зейнуллиннің, Бекболат Бақытжановтың, Эльдар Амантаевтың, Екпін Тналиевтің, Әділет Мусағалиевтің хабарламалары тыңдалды.

Ауылдық округ әкімдері өздерінің көкейінде жүрген өзекті мәселелері төңірегіндегі пікірлерін ортаға салып, округтердің қызметтік көлікпен қамтылуы, бүгінгі күннің басты мәселесі болып табылатын жол жөндеу жұмыстарына тоқталып өтті.

Мәслихат депутаты Қалимұрат Сариев жол мәселесіне қатысты жұмыстарды уақтылы, тиянақты жүргізу үшін жұмыстарды үлкен жауапкершілікпен, тиісті деңгейде атқаратын мердігерлердің қажеттілігін алға тартты.

Сессияда сөз алған аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Берік Нұрмағамбетов, бюджет қаржысының игерілуіне, бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуына мұқият қарау қажеттігін ауылдық округ әкімдерінің назарына салды.

Дата публикации
17 апреля 2025