ҚАРАТӨБЕ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына, 113-5-бабына сәйкес, Қаратөбе ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылдың 28 наурыз күні Қаратөбе ауданының Саралжын ауылдық округі әкімінің лауазымына келесі кандидаттарды тіркеді:
- Иман-Мәліков Елдар Жаулыбайұлы, 1998 жылы туған. Қаратөбе ауданы, «Жусандой ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы. Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Жусандой ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
- Уразакаев Даулет Жумабаевич, 1991 жылы туған, Қаратөбе ауданы, «Саралжын ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Саралжын ауылында тұрады. «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Қаратөбе аудандық филиалы ұсынды.
- Шаймарданов Нурдаулет Кайратович, 1994 жылы туған, Қаратөбе ауданы, «Қаратөбе аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
Қаратөбе ауданының аумақтық сайлау комиссиясы