«Игі істер марафоны» жобасы

«ИГІ ІСТЕР МАРАФОНЫ» 

жобасының тұжырымдамасы

 

Жоба идеясы: «Игі істер марафоны» жобасы қоғам өмірін жақсартуға бағытталған ерікті әрекеттерді жүзеге асыру үшін Қазақстан халқы арасында мейірімді істерге қатысудың жаңа дәстүрін бастауға бағытталған.

Жобаның мақсаты: Қазақстан халқы арасында волонтерлік және қайырымдылық мәдениетін тарату және дамыту.

Өткізу уақыты: 2025 жылғы 1 наурыздан 1 желтоқсанға дейін.

Іске асыру аймағы: Қазақстан Республикасы.

Жобаның мақсаттары: 

  1. Қоғамды жаппай игіістержасауға белсенді тарту.
  2. Волонтерлікжәне қайырымдылық қызметтің оң мысалдары мен нәтижелерін көрсету және жоба маңыздылығы туралы ақпаратты тарату үшін азаматтық сектордың игі істерін кеңінен көрсету.
  3. Халықтың әлеуметтік мәселелерді шешуге белсенді қатысуы.
  4. Волонтерлерлік қызметпен қайырымдылықтықолдау және ынталандыру.

 

Қатысушылар: Барлық жастағы волонтерлік қоғамдастығы, қайырымдылық жасайтын азаматтар, азаматтық сектор өкілдері, шағын, орта және ірі бизнес өкілдері, қоғамдық пікір көшбасшылары, БАҚ, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік органдар, басқа да ұйымдар мен жеке тұлғалар.

Жобаның сипаттамасы: Жоба аясында көктемгі, жазғы, күзгі мейірім маусымдарын ұйымдастыру жоспарлануда. Маусымдар маңызды күнтізбелік және халықаралық күндерге арналған. Тақырыптар үнемі жаңартылып отырады, бұл өзекті мәселелерді  кеңірек қамтуға және әлеуметтік жауапкершіліктің түрлі аспектілеріне қызығушылықты арттыруға ықпал етеді. 

«Игі істер марафоны» жобасы аясында келесі мейірім маусымдары жүзеге асырылады:

  1. «Игі істер күнтізбесі» бойынша көктемгі мейірім маусымы: наурыз, сәуір және мамыр айларында өтетін іс-шаралар (Қосымша 1).
  2. «Игі істер күнтізбесі» бойынша жазғы мейірім маусымы:маусым, шілде, және тамыз айларында өтетін іс-шаралар.
  3. «Игі істер күнтізбесі» бойынша күзгі мейірім маусымы: қыркүйек, қазан және қараша айларында өтетін іс-шаралар.

Ескерту: «Игі істер марафоны» жобасы аясында 1 наурыздан 1 желтоқсанға дейін игі істерді жүзеге асыруға болады. Игі істер ұсынылған тақырыптар мен саны бойынша шектелмейді және басқа да бастамаларды қамтуы мүмкін.

Жобаға қатысу үшін:

«Игі істер марафоны» жобасына қатысу үшін келесі қадамдарды жүзеге асыру қажет:

  1. Жүзеге асыру: Жергілікті атқарушы орган «Игі істер марафоны»жобасы аясында іс-шараларжоспарын құрастырып, «Игі істер күнтізбесінде» көрсетілген күндерге сәйкес Қатысушылармен бірге игі істерді жүзеге асырады (Қосымша 1).
  2. Жариялау: Игі істер туралы міндетті түрде әлеуметтік желілерде жариялау, хэштегтер мен ұранды пайдалану.

Хэштегтер:

#ИгіІстерМарафоны2025
#МарафонДобрыхДел2025
#MarathonOfGoodDeeds2025

Ұран: Үлкен өзгерістер кішігірім қадамдардан басталады! Маленькие дела – большие перемены!

 

  1. Мониторинг: Жергілікті атқарушы орган игіістердің талаптарға сәйкестігін, оның ішінде хэштегтер мен ұранныңбар-жоғын тексеріп, жинақтайды. 
  2. Деректерді ұсыну:Әр айдың 5-не дейін,«Игі істер күнтізбесіне» сәйкес жергілікті атқарушы орган жүзеге асырылған игі істер туралы есепті Ұлттық волонтерлер фронт-офисінің frontoffice.kz@gmail.com электронды поштасына  белгіленген форма бойынша  жібереді (Қосымша 2).

Ескертпе: Марафон аясында игі істерді жүзеге асырған Қатысушылар өздері Google-форма арқылы өтінім толтыруы тиіс: https://forms.gle/KwpYtoFq59bJeJBB8.

www.qazvolunteer.kz платформасында «Мейірім көрсеткіші» орналастырылады, ол ұсынылған деректер негізінде  өңірлер бойынша жалпы игі істер санын бақылап отырады.

«Игі істер марафоны» жобасы аясында ең маңызды игі істерді анықтап, марапаттау мақсатында конкурс өткізу жоспарланған. Қазылар алқасының жұмыс қорытындысы бойынша 2025 жылдың желтоқсанында жеңімпаздар марапатталады.

Жеңімпаздарды анықтау екі кезеңнен тұрады:

  1. Техникалық іріктеу:Бұл кезеңде өтінімдердің көрсетілген талаптарға сәйкестігі тексеріледі. Техникалық іріктеу ай сайын жүргізіледі.
  2. Ең игі істерді таңдау:Бұл кезеңде 5 адамнан тұратын арнайы конкурс комиссиясы құрылады. Қазылар алқасының бағалауы нәтижесінде жеңімпаздар тізімі әлеуметтік желілерде жарияланады.

Марафон нәтижесінде 7 негізгі және 6 арнайы номинация бойынша жеңімпаздар анықталады:

Негізгі номинациялар:

  1. «Жүректен жүрекке» номинациясы – балаларға көмек көрсету және қолдау мақсатында ұсынылған өтінімдер.
  2. «Қоғам игілігі үшін» номинациясы – әлеуметтік және мәдени маңызы бар, әртүрлі топтардағы халықтың өмір сапасын жақсартуға және мәдени мұраны сақтауға бағытталған өтінімдер.
  3. «Салауатты қоғам» номинациясы – салауатты өмір салтын насихаттау арқылы адамдардың денсаулығын жақсартуға бағытталған өтінімдер.
  4. «Жақсылықтың жаршысы» номинациясы – қарт адамдарға көмек көрсетуге арналған өтінімдер.
  5. «Инклюзивті келешек» номинациясы – инклюзивті қоғам құруға бағытталған өтінімдер.
  6. «Табиғат қорғаушысы» номинациясы – қоршаған ортаны қорғауға бағытталған өтінімдер.
  7. «Жануарлар жанашыры» номинациясы – жануарларға көмек және қолдау көрсету мақсатында ұсынылған өтінімдер.

Арнайы номинациялар:

  1. «Ең мейірімді аймақ» – комиссияның бағалауы негізінде анықталады. Негізгі іріктеу критерийлері: «Мейірім көрсеткіші» бойынша өтінімдер саны және аймақтағы игі істердің сапасы.
  2. «Ең мейірімді ауыл» – ауылдар, кенттер және моноқалалардың тұрғындары қатыса алады.
  3. «Ең мейірімді ұжым» – шағын, орта және ірі бизнес өкілдері, мемлекеттік және квазимемлекеттік органдар қатыса алады.
  4. «Ең мейірімді жоғары оқу орны» – университеттер мен техникалық және кәсіби оқу орындары қатыса алады.
  5. «Ең мейірімді мектеп» – мектептер және білім беру/даярлық орталықтары қатыса алады.
  6. «Ең белсенді медиа» – бұқаралық ақпарат құралдары мен ақпараттық агенттіктер қатыса алады.

Әрбір негізгі номинацияда 2 жеңімпаз анықталады, ал арнайы номинациялар бойынша – 1 жеңімпаз. Жалпы, 20 жеңімпаз анықталады.

 

Марафонның PR құрамдас бөлігі:

Хэштегтер:

#ИгіІстерМарафоны2025
#МарафонДобрыхДел2025
#MarathonOfGoodDeeds2025

Логотип:

 

      

 

Ұраны: Үлкен өзгерістер кішігірім қадамдардан басталады! Маленькие дела – большие перемены!

Ақпараттық қолдау: «Игі істер марафоны» жобасы туралы тікелей эфирлер, 2024 жылғы марафон жеңімпаздарымен сұхбаттар, «Мейірім көрсеткіші» туралы ақпарат, 2024 жылдың үздік жобалары мен сандық нәтижелері.

Марафонның іс-шараларын қамту және аудиторияны көбейту үшін қайырымдылық және волонтерлік ұйымдар, бастамашыл топтар, волонтерлердің аймақтық фронт-офистері, әкімдіктер және басқа да жергілікті атқарушы органдар, аймақтық және орталық БАҚ тартылады.

Қатысушыларды марапаттау: «Игі істер марафоны» жобасы аясында қоғамдық өмірге, волонтерлік және қайырымдылық қызметінің дамуына қосқан үлестері үшін  20 жеңімпаз марапатталады.

Күтілетін нәтижелер: «Игі істер марафоны» жобасының іске асуы қоғамға үлкен оң әсерін тигізіп, оған кем дегенде 7000 адам қатысады деп күтілуде. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде күтілетін жанама қамту - 10 000 қаралым.

Жыл сайынғы «Игі істер марафоны» жобасы өзара көмек пен әлеуметтік жауапкершіліктің дамуына маңызды үлес қосады. Бұл бастама өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге дайын жауапты және біріккен қоғамды қалыптастыруға көмектеседі.

 

Дата публикации
28 февраля 2025