Қаратөбе ауданы бойынша 2020 жылдың IІI тоқсанында мемлекеттік қызметтердің көрсетілуі бойынша мәліметтер:
|
Барлығы |
Қағаз түрінде |
Электронды түрде (АЖ арқылы) |
Баламалы қызмет түрлері |
||||
|
Жеке тұлға |
Заңды тұлға |
Жеке тұлға |
Заңды тұлға |
Жеке тұлға |
Заңды тұлға |
Жеке тұлға |
Заңды тұлға |
|
2056 |
0 |
45 |
0 |
516 |
0 |
1495 |
0 |
І Бақылау шаралары бойынша:
Ағымдағы жылдың ІII тоқсанында Қаратөбе ауданы әкімі аппараты басшысының бұйрығымен бекітілген 2020 жылға мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау жүргізу іс-шараларының жоспары бойынша 2020 жылдың III тоқсанында «Қаратөбе аудандық білім беру бөлімі» ММ-де, «Жамбыл жалпы орта білім беретін мектеп-балабақша кешені» КММ-де, «Қаратөбе аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ-не, «Қоскөл жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-не ішкі бақылау іс-шарасы өткізілді. Бақылау шаралары кезінде «Қаратөбе аудандық білім беру бөлімі» ММ-і бойынша төмендегі кемшіліктер орын алды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарымен белгіленген қызмет көрсету мерзімдерін сақтау бойынша:
Тексеріс барысында қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы бойынша 3 фактілер анықталды.
2020 жылдың 09 шілде күні ҚР электрондық үкімет порталы арқылы азаматша Нұрғожина Шаттық Мергенқызы «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет түріне өтініш берген. Нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі бұзылған. Себебі, бұл қызметті мемлекеттік көрсетілетін қызметке жауапты маман «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы берілген Ш.Нұрғожинаның өтінішін қабылдамай, назардан тыс қалдыруы салдарынан орын алып отырғаны тексеріс барысында анықталып отыр.
2020 жылдың 13 шілде күні ҚР электрондық үкімет порталы арқылы азаматша Жумагалиева Гульмира Жалмухановна «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет түріне өтініш берген. Аталған мемлекеттік қызметке өтініш қайталанып 2 рет түскені анықталды. Нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі бұзылған. Себебі, бұл қызметті мемлекеттік көрсетілетін қызметке жауапты маман «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы берілген Г.Жумагалиеваның өтінішін қабылдамай, назардан тыс қалдыруы салдарынан орын алып отырғаны тексеріс барысында анықталып отыр.
Жіберілген олқылықтар үшін жауапты маманға тәртіптік жаза қолданылды.
«Жамбыл жалпы орта білім беретін мектеп-балабақша кешені» КММ бойынша анықталған кемшіліктер:
Көрсетілетін қызметті берушілердің орналасу жерлерінде және «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамында және оның филиалдарында мемлекеттік қызметтердің стандарттарын орналастыру бойынша талапты сақтау, мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі мен оларды толтыру үлгісі орналастырылған ақпараттық стендтердің болуы:
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Заңының 23-бабы 1-тармағы
1) тармақшасында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын көрсетілетін қызметті берушілердің орналасқан жерлерінде және Мемлекеттік корпорацияда орналастыру қажеттілігі көзделген.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттері және қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат мекеме орналасқан ғимаратта арнайы ақпараттық стендте орналасқан.
Алайда тексеріс барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттері толық емес нұсқада орналастырылғаны анықталды.
Көрсетілген қызметті алушылардан мемлекеттік қызметтің стандарттарымен ұсынуы айқындалмаған құжаттарды құжаттарды сұрату фактілердің болуы бойынша:
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Заңының 5-бабы 2-тармағы
1) тармақшасында қызмет берушілер мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсетуге міндетті екені көрсетілген.
Тексеріс кезінде ұсынуы айқындалмаған құжаттарды сұратудың 2 фактісі анықталды:
1.«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-тармағының 9-тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның заңды өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес өтініш;
2) 2008 жылға дейін туылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының туу туралы куәлігінің көшірмесі (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын растайтын құжат (түпнұсқа жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
3) денсаулық жағдайы туралы анықтама ("Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген № 063/у нысан (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) және "Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 есеп нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығымен бекітілген № 026/у-3 нысан (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2423 болып тіркелген));
4) баланың 2 данада 3х4 сантиметр өлшеміндегі фотосурет;
Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау үшін заңды өкілдерінің келісімі болған жағдайда педагогикалық-медициналық-психологиялық комиссияның қорытындысы қосымша беріледі.
Шетелдік және азаматтығы жоқ көрсетілетін қызметті алушылар өздерінің мәртебесін айқындайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы белгісі бар мынадай құжаттардың бірін ұсынады:
1) шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;
2) азаматтығы жоқ адам – азаматтығы жоқ адамның жеке куәлігі;
3) босқын – босқын куәлігі;
4) пана іздеуші – пана іздеуші адамның куәлігі;
5) оралман – оралман куәлігі.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Алайда, тексеріс барысында азаматша А.Сафиеваның 28.08.2019 жылғы өтінішін қабылдау кезінде құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берілмей жеке деректерінің арасынан 2 дана көшірмесі қатар анықталып отыр.
1)қабылдауға арналған жолдама (берілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жарамды);
2)ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3)баланың тууын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
4)Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2423 болып тіркелген) бекітілген "Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 есеп нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулықта қарастырылған нысан бойынша баланың денсаулық паспорты;
5)баланың денсаулығы туралы анықтама;
6)психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін).
Алайда, тексеріс барысында азаматша А.Кушалиеваның 27.08.2020 жылғы берген өтінішін қабылдау кезінде баласының фотосуреті тігілгені анықталып отыр.
«Қаратөбе аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ-і бойынша анықталған кемшіліктер:
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдармен қарым-қатынас жасау дағдыларын үйрету бойынша:
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Заңының 5-бабы 2-тармағы
6) тармақшасында мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттыруға, сондай-ақ мүгедектермен қарым-қатынас жасау дағдыларына үйретуге міндетті екені көрсетілген.
Тексеріс барысында бас маман Л.Есказиева мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттыру курсынан өтпегені анықталды.
Көрсетілген қызметті алушылардан мемлекеттік қызметтің стандарттарымен ұсынуы айқындалмаған құжаттарды құжаттарды сұрату фактілердің болуы бойынша:
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Заңының 5-бабы 2-тармағы
1) тармақшасында қызмет берушілер мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсетуге міндетті екені көрсетілген.
Тексеріс кезінде ұсынуы айқындалмаған құжаттарды сұратудың 3 фактісі анықталды.
«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-тармағының 9-тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) көтерме жәрдемақы алған кезде:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;
бiлiмi туралы дипломның көшiрмесi;
көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәліметтер;
тұрғылықты жерінен тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын мекенжай анықтамасы (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мәліметтер болмаған жағдайда).
Алайда тексеріс барысында, 27.05.2020 жылғы Ш.Губайдуллинаның көтерме жәрдемақы алуға берген өтінішін қабылдау кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты негізінде қабылдануы тиіс құжаттар тізбезінен неке қию туралы куәлігі табылды.
Сонымен қатар, 05.02.2019 жылғы А.Кайрлиеваның және 06.03.2020 жылғы Г.Бимуратованың көтерме жәрдемақы алуға берген өтініштерін қабылдау кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты негізінде қабылдануы тиіс құжаттар тізбезінен жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi 2 данадан тігілгені тексеріс барысынла анықталып отыр.
«Қоскөл жалпы орта білім беретін мектебі» КММ бойынша анықталған кемшіліктер:
Көрсетілген қызметті алушылардан мемлекеттік қызметтің стандарттарымен ұсынуы айқындалмаған құжаттарды құжаттарды сұрату фактілердің болуы бойынша:
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Заңының 5-бабы 2-тармағы
1) тармақшасында қызмет берушілер мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсетуге міндетті екені көрсетілген.
Тексеріс кезінде ұсынуы айқындалмаған құжаттарды сұратудың 3 фактісі анықталды:
«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-тармағының 9-тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1)қабылдауға арналған жолдама (берілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жарамды);
2)ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3)баланың тууын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
4)Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2423 болып тіркелген) бекітілген "Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 есеп нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулықта қарастырылған нысан бойынша баланың денсаулық паспорты;
5)баланың денсаулығы туралы анықтама;
6)психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін).
Алайда, тексеріс барысында азаматша Б.Қодарованың 11.09.2019 жылғы берген өтінішін қабылдау кезінде қажетті құжаттар тізбесінен баланың денсаулық паспорты 2 дана көшірмесімен тігілгені анықталып отыр.
«Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-тармағының 9-тармақшасына сәйкес Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге және Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
4) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (бұдан әрі - № 907 бұйрық) (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысанға сәйкес сауықтыру лагерiне баратын мектеп оқушысына медициналық анықтама;
5) мәртебесін дәлелдейтін құжаттың көшірмесі:
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін - мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар отбасылардан шыққан көрсетілетін қызметті алушылар санаты үшін көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтама;
жан басына шаққанда орташа табысы күн көріс деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар үшін - алған табысы туралы құжаттар (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақылары туралы, кәсіпкерліктен және басқа да қызмет түрлерлерінен түсетін табыстары туралы, балаларға және басқа да асырандыларға төленетін алимент түріндегі табыстары туралы анықтама);
отбасында тәрбиеленетін жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін - қамқоршылықты (қорғаншылықты) бекіту туралы уәкілетті органның шешімі, жетім баланың (балалардың) немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың (балалардың) патронаттық тәрбиеге, қабылдаушы отбасына берілгені туралы шарт;
төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балалар үшін - төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемнің қажеттілігін дәлелдейтін құжат;
білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жататын балалар үшін - отбасының материалдық-тұрмыстық ахуалын зерделеу, сондай-ақ қаржылай және материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдау үшін басқа да қажетті құжаттардың негізінде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну туралы білім беру ұйымының алқалық органның шешімі.
Алайда, тексеріс барысында азаматша Г.Саршулакованың 25.05.2019 жылғы берген өтінішін қабылдау кезінде қажетті құжаттар тізбесінен жолдасы М.Құсайынның жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі тігілгені анықталып отыр.
Сонымен қатар, тексеріс барысында азаматша А.Айтмуханбетованың 30.05.2019 жылғы берген өтінішін қабылдау кезінде қажетті құжаттар тізбесінен баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі 2 данада тігілгені анықталып отыр.
ІIІ Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жұмыс (іс-шаралар жоспарының орындалуы)
Есептік ІII тоқсанда қызмет алушылар тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына қатысты арыз-шағымдар болған жоқ.
Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің маманымен «Мониторинг» ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге үнемі бақылау, тексеріс жүргізіліп отыр. Есептік кезеңде белгіленген мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер болған жоқ, қызмет көрсету сапасына қатысты шағымдар түскен жоқ.
2020 жылдың ІI жартыжылдығына арналған көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру және электронды көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді насихаттау іс-шаралар жоспарына сәйкес а.ж. III-тоқсанында атқарылған жұмыстар.
Ағымдағы жылдың 22 қыркүйек күні Аудандық білім беру бөлімі басшысы Б.Гарапшиевтың төрағалығымен білім беру ұйымдарында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тақырыбында семинар өткізілді. Семинарда аудандық білім беру бөлімінің мамандары И.Есказиева, Е.Рабаева баяндама оқыды. Семинарға аудандық білім беру ұйымдарының директорлары қатысты. Қатысқандар саны-22. Семинар Zoom платформасы арқылы оздырылды.
Ағымдағы жылдың 23 маусым күні Қаратөбе аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы В.Губайдуллина аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәліктерді, анықтамаларды және акт жазбалардың көшірмелерін беру тәртібі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Қатысқандар аудандық мемлекеттік архиві қызметкерлері. (Фотосуреттер жалғанды).
Сонымен қатар, Қаратөбе ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенті мен стандарттары Қаратөбе аудан әкімдігінің ресми сайтында жарияланған.
ІІІ Өзіне өзі қызмет көрсету бұрыштары арқылы көрсетілген қызметтер туралы мәліметтер
Қаратөбе ауданы бойынша 8 ауылдық округ әкімі аппараттарында 8 өзіне өзі қызмет көрсету бұрыштары құрылған. Негізгі көрсетілетін қызмет түрлері – ЭЦҚ алу, жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыптпалықтарды) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама, соттылықтың бар немесе жоқ болуы туралы анықтама, кредиттік тарих, зейнетақы жарналарынан үзінділер, мектепке дейінгі ұйымдарға кезекке тұру, кезегін қарау, мемлекеттік кіріс органдарда есебі жүргізілетін берешектің жоқ/бар екендігі туралы анықтама.
Аудан әкімі аппараты
Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы Н.Әділханов