Сағат 12.00-ге Егіндікөл ауылдық округі әкімінің сайлауында сайлаушылардың дауыс беруге келуі туралы ақпарат
Учаскелік сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес 2023 жылғы 10 қыркүйектегі сағат 12.00-дегі жағдай бойынша жалпы тізімге енгізілген сайлаушылардың 43,1 %-ы сайлау бюллетеньдерін алды.
Дауыс беру Конституциялық заңға сәйкес өтуде, құқық бұзушылықтар анықталған жоқ, арыз-шағымдар түскен жоқ.
Қаратөбе ауданының аумақтық сайлау комиссиясы