Батыс Қазақстан облысында қанша жаңа туған нәресте тіркелді

Батыс Қазақстан облысында қанша жаңа туған нәресте тіркелді

      2024 жылдың басынан бері Батыс Қазақстан облысында АХАТ бөлімдері тарапынан  9289 баланың тууы туралы  акт жазбасы тіркелді. Өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 30% - ға артық.

       Айта кетейік, бүгінгі таңда ата-аналар баланың тууын ХҚКО-ға бармай-ақ тіркей алады. Егер жаңа туған нәрестенің анасы «Электрондық үкімет» порталының мобильді азаматтар базасында тіркелген болса, ол босанғаннан кейін бір тәулік ішінде 1414 нөмірінен СМС-хабарлама алады. Хабарламадағы сұрақтарға жауап бере отырып, анасы туу туралы куәлікке проактивті түрде өтініш бере алады. Бұл ХҚКО-ға бару қажеттілігін жойып, үрдісті жеңілдетеді. Мұндай өтінішті өңдеу үш жұмыс күніне дейін созылады.

       Сонымен қатар, өтінішті дәстүрлі түрде де беруге болады. Егер ата-аналар Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгінсе, тіркеу мерзімі екі жұмыс күнін құрайды. «Электрондық үкімет» порталы арқылы өтініш беру кезіндегі мерзімі -үш күн.

       Естеріңізге сала кетейік, баланың тууы туралы өтініш туылған сәттен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей берілуі керек.

 

Дата публикации
20 ноября 2024