Хабарландыру жер

2024 жылдың 14 қарашада сағат 10:00 Саралжын ауылдық округі бойынша  ауыл шаруашылығы өндірісін және шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін жер учаскелерін жалға беру жөніндегі конкурс өтуге тиіс болатын, ҚР Жер Кодексінің 43 бабына сәйкес Жер комиссиясының құрамын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары қалыптастырады және тиісті жергілікті өкілді органға бекітуге жібереді.

Жер комиссиясының құрамы: төрағасын (Жер комиссиясының төрағасы болып әкімнің жер мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары тағайындалады) және Жер кодексінің 43 бабының 6 бөлігінің 2 және 4 тармақшасында, 7 бөлігінің 1-тармақшасы және 8 бөлігінде аталған адамдарды қоспағанда, бүкіл құрамы ауыстырыла отырып, келесі күнтізбелік он екі ай өткен соң жыл сайын бекітіледі.  

Қаратөбе ауданындағы ауыл шаруашылығы өндірісін және шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін жер учаскелерін жалға беру жөніндегі комиссия мүшелерінің 2024-2025 жылдарға Қаратөбе аудандық мәслихатының шешімімен  бекітілмеуіне байланысты конкурс өткізу кейінге қалдырылғанын хабарлай отырып, конкурс өткізетін күні Қаратөбе ауданы әкімінің ресми  сайтында қосымша хабарланатындығын қаперлеймін.

 

Дата публикации
14 ноября 2024