Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату бойынша сауда-саттық (аукцион) өткізу туралы хабарландыру

Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату бойынша сауда-саттық (аукцион) өткізу туралы хабарландыру

Құрметті сауда-саттыққа әлеуетті қатысушылар!

 

"Қаратөбе ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ 2024 жылдың 16 қазанында  сағат 10:00-де (Астана уақыты) жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату бойынша Мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталында бағаны көтеру әдісімен электрондық аукцион өткізілетіндігі туралы хабарлайды. www.gosreestr.kz (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.

Аукционға қатысуға өтінімдер беру "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысына және "Жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын сату жөніндегі Сауда-саттықты (аукциондарды) мемлекттік мүлік тізілімнің веб-порталындаэлектрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы"  Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы  министрінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 297 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

Аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын – 2024 жылғы 16 қазанында    сағат 9:00 (Астана уақыты) аяқталады, ол аяқталғаннан кейін қатысушылар берілген өтінімді кері қайтарып ала алмайды.

Аукционға қатысу үшін тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет.:

1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі-ЖСН), Тегі, Аты және әкесінің аты (бар болса);

2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі-БСН), толық атауы, Бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) ;

3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелері;

4) байланыс деректері (пошталық мекен-жайы, телефон, факс, e-mail).

Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ қойылған қатысуға өтінімді тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.

Назар аударыңыз! Қатысушының хабарламада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ сауда-саттық өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуына негіз болып табылады.

Автоматты тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталы қатысушының тізілімнің веб-порталында көрсетілген электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.

Аукционға жіберілген қатысушыға тізілімнің веб-порталы беретін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына қол жеткізу ұсынылады. Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукциондық нөмірді пайдалана отырып, аукциондық залға кіреді.

Аукцион сауда-саттық өткізу туралы хабарламада көрсетілген жергілікті уақытта аукцион залында сату объектісінің бастапқы бағасын автоматты түрде орналастыру жолымен басталады. Әрбір сатылған сату объектісі бойынша аукцион нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы мен жеңімпаз сауда-саттық өткізілген күні ЭЦҚ пайдалана отырып, тізілімнің веб-порталында қол қояды. Аукцион нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз мен сатушының сату бағасы бойынша сату объектісін сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемелерін белгілейтін құжат болып табылады. Сатып алу-сату шарты немесе жалға алу шарты тізілімнің веб-порталында электрондық форматта жасалады және сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап он күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде ЭЦҚ пайдалана отырып сатушы мен сатып алушы қол қояды. Бұл ретте сатушы сатып алушыға сатып алу-сату шартының жобасын сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде қол қоюға ұсынады. Аукционға қатысуға өтінімдерді беру және тіркеу тізілім веб-порталында аукцион өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап кемінде 15 күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.

Аукционға қатысу үшін кепілдік жарналар мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың деректемелеріне енгізіледі:

Төлем алушы: "Ақпараттық-есептеу орталығы" АҚ; БИН: 050540004455; КНП: 171; Кбе: 16.

Төлемнің мақсаты: Электрондық аукционға қатысу үшін кепілдік жарна.

Назар аударыңыз! Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға не сатып алу-сату шартына қол қойылмаған жағдайда, кепілдік жарна жеңімпазға қайтарылмайды. Қалған барлық жағдайларда кепілдік жарналар тізілім веб-порталында қатысушының ЭЦҚ қойылған аукционға қатысушыдан бірыңғай операторға өтініш берген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қайтарылады.

Бағаны көтеру әдісін қолдана отырып аукционға мынадай сату объектілері қойылады:

Жер учаскесінің ауыртпалығы – жоқ;

Кепілдік жарнаның сомасы (теңге) – 184 600 теңге

  • Жер учаскесінің орналасқан жері – БҚО Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылдық округі, Қаратөбе ауылы, Құрманғазы көшесі №33А;

Жер учаскесінің ауданы (гектар) – 0,06 гектар;

Сату объектісі (құқық түрі) – жер учаскесі ;

Жер учаскесінің ауыртпалығы – жоқ;

Кепілдік жарнаның сомасы (теңге) – 184 600 теңге

  • Жер учаскесінің орналасқан жері – БҚО Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылдық округі, Қаратөбе ауылы, Құрманғазы көшесі №37Г;

Жер учаскесінің ауданы (гектар) – 0,1200 гектар;

Сату объектісі (құқық түрі) – жер учаскесі ;

Жер учаскесінің ауыртпалығы – жоқ;

Кепілдік жарнаның сомасы (теңге) – 184 600 теңге

 

Дата публикации
10 октября 2024