Күнтізбелік жоспар

Батыс Қазақстан облысы,

Қаратөбе ауданының аумақтық

референдум комиссиясының

2024 жылғы 5 қыркүйектегі

2 қаулысымен бекітілген

 

 

2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумды

әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

күнтізбелік жоспары

 

         1. Бұқаралық ақпарат құралдарында аумақтық және учаскелік референдум комиссияларының құрамын жариялау

 

 

Аудандық аумақтық референдум комиссиясы

Референдум тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2024 жылғы 12 қыркүйектен кешіктірмей

 

2. Бұқаралық ақпарат құралдарында референдум учаскелерінің шекаралары туралы хабарды  жариялау

 

Аудан әкімдігі

Референдум тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2024 жылғы 12 қыркүйектен кешіктірмей

 

          3. Республикалық референдум алдындағы үгіт

 

 

 референдум тағайындалғаннан кейін басталады және

2024 жылғы 5 қазанда нөл сағатта аяқталады

 

           4. Шешіммен учаске құрылған әкiм қол қойған референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тiзiмдерiн учаскелiк референдум комиссияларына акт бойынша ұсыну 

 

Аудан әкімдігі

Дауыс берудің басталуына жиырма күн қалғанда

2024 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей

 

           5. Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған учаскелер бойынша референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімдерін танысуға ұсыну

 

Учаскелік референдум комиссиялары

Дауыс беру күніне он бес күн қалғанда

2024 жылғы 20 қыркүйектен кешіктірмей

 

 

          6.  Жекелеген референдум учаскелерiнде дауыс берудiң басталуы мен аяқталуының басқа уақытын белгiлеу және бұл туралы шешiмдi азаматтарға жеткiзу

 

 

Аудандық аумақтық, учаскелік референдум комиссиялары

Дауыс беру күніне дейінгі он күннен кешіктірмей

2024 жылғы 26 қыркүйектен кешіктірмей

 

           7. Дауыс беру уақыты мен орны туралы азаматтарды хабардар ету

 

Учаскелік референдум комиссиялары

Дауыс беру күніне дейінгі кемінде он күннен кешіктірмей

2024 жылғы 26 қыркүйектен кешіктірмей

 (26–б.  1–т.)

 

          8. Учаскелік референдум комиссияларын дауыс беруге арналған  бюллетеньдермен қамтамасыз ету

 

Аудандық аумақтық референдум комиссиясы

Дауыс беруге дейін ерте дегенде үш күн бұрын және кемінде бір күн бұрын

2024 жылғы 3-5 қазан

(27-б.  5-б.)

 

           9. Дауыс беру үшін референдум учаскелерін ашу және ашу туралы хаттама жасау

 

Учаскелік референдум комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

Егер дауыс берудің басталуына басқа уақыт белгіленбесе,  жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де

 

           10. Дауыс беруді өткізу

 

Учаскелік референдум комиссиялары

Дауыс берудің басқа уақыты белгіленбесе, дауыс беру күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

 

 11. Референдум учаскесінде дауыстарды санау және  дауыс беру нәтижелері туралы хаттама жасау

 

Учаскелік референдум комиссиялары

Дауыс беруді аяқтаудың басқа уақыты белгіленбесе, жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады.  Санау уақыты санау басталғаннан бастап он екі сағаттан аспауға тиіс

 

           12. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн референдум учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгіленген орында орналастыру

 

 

Учаскелік референдум комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу

 

           13. Референдум учаскесiнде дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманы тиiстi аумақтық референдум комиссиясына ұсыну

 

Учаскелік референдум комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу

 

           14. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында референдумның нәтижелерін шығару

 

Аудандық аумақтық референдум комиссиясы

 (22-б. 1-т.7-тт.)

 

           15. Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағындағы референдум нәтижелері туралы хаттаманы БҚО аумақтық референдум комиссиясына ұсыну

 

Аудандық аумақтық референдум комиссиясы

2024 жылғы 7 қазаннан кешіктірмей

 

             16. Референдум қорытындыларын шығару және бұқаралық ақпарат  құралдарында референдум қорытындылары туралы ресми хабарды жариялау

 

Орталық референдум комиссиясы

Референдум өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

2024 жылғы 12 қазаннан кешіктірмей

(31, 33-б.)

 

 

            Ескерту: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер беріліп отыр.

 

 

Дата публикации
09 сентября 2024