ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ!
Құрметті ата -аналар! Балаларды 1 -сыныпқа дайындау мақсатында, 2024 жылдың тамыз айының 1-31 аралығында Қаратөбе ауданы білім беру бөлімінің жалпы білім беретін мектептерінде "Балақайлар мектебі" қысқа мерзімді мектепалды даярлық курстарын өткізу жоспарлануда. Даярлық курсының мақсаты "Әркімге қолжетімді сапалы білім" ұлттық баяндамасын іске асырудағы Жол картасын орындау шеңберінде балалардың мектепте оқуға ынтасын, зияткерлік-эмоционалды -еріктік дайындығына ықпал ететін білім беру ортасын құру, 1-сыныпта табысты бейімделуін қамтамасыз ету. Бұл-мектепке дейінгі ұйымдарға бармаған балалардың ата -аналары үшін маңызды ақпарат.
Ескерту: Толық мәлімет алу үшін балаларыңыздың 1-сыныпқа құжатын тапсырған білім беру ұйымына хабарласуларыңызға болады.
Дата публикации
12 июня 2024