Қаратөбе аудандық білім беру бөлімнің жұмыс жоспарына сай, «Жазғы сауықтыру және мектеп жанындағы лагерьлерде балалардың демалысын ұйымдастыру» тақырыбында аудандық семинар өтті. Жалпы білім беретін мектептердегі жазғы демалысты ұйымдастыруға жетекшілік ететін мамандар , лагерь басшылары, мемлекеттік құзырлы орган өкілдері қатысқан
семинар мақсаты- жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын тиімді ұйымдастыруда қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету, іс-тәжірибе алмасу болатын.
Семинардың арнайы шақырылған қонақтары төмендегідей мәселелер бойынша ой бөлісті:
1.Қаратөбе аудандық санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы Нұрмагамбетова Анар Серікқызы - «Балаларды сауықтыру демалыс орындарына қойылатын талаптар». «Лагерь кезінде тамақтан уланудың алдын алу»;
2. Қаратөбе ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау капитаны Қабекенов Қуанышбек Бисенбіұлы-«Өрт қауіпсіздігі және суға шомылу маусымы кезеңіндегі қауіпсіздік ержелерін сақтау»;
3. Қаратөбе ауданының полиция бөлімі басшысының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі Мурзашев Жанболат Жастілекұлы-"Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу шаралары".
4. Қаратөбе аудандық әдістемелік кабинеттің тәрбие жұмысы әдіскері Сары Айнұр Рысбайқызы-«Лагерь жұмысын реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттар», «Мектеп жанындағы лагерьлерді ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында жұмыс жоспарларымен бөлісті
Келесі кезекте «Балдәурен» демалыс лагерінде балалардың денсаулығын нығайту және қорғау" тақырыбында балалар шығармашылығы үйі директоры Акдунова Сагира Шаколовна; «Жасыл желкен» туристік демалыс лагерінде балалардың демалысын және туристік-өлкетану жұмысын ұйымдастыру" тақырыбында аудандық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы директоры Омаров Айбат Шайжанұлы; «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында лагерь жұмысын ұйымдастыру" тақырыбында Б.Қаратаев ат.ЖОББМ-нің тәлімгері Даулетова Жанна Нұрболовна сауықтыру және мектеп жанындағы лагерьлердегі жоспарланған тәрбиелік шаралармен таныстырды. Соңында кері байланыс алынып, қатысушылар шешімін таппай жүрген сұрақтарына жауап алды.