Соналы ауылында 9 маусым күні қазақтың ұлттық ойындарын жас ұрпаққа кеңінен насихаттау мақсатында дала қызықтары өтті. Ауыл маңына ақшаңқан киіз үй тігіліп, ауыл халқы мен қонақтар көп жиналды.
Дала қызықтары аудандық мәслихат аппаратының басшысы Берікқали Мусаның жиналған жұртшылықты құттықтауымен ашылды. Мерекелік шарада сөз алған ауыл ақсақалы Сүйесін Нұрғалиев жиналған көпшілікті өткізіліп жатырған мерекемен құттықтап, дала қызықтарына қатысушыларға сәттілік тілеп, ауыл азаматтарының ұйымшылдығына ризашылығын білдірді.