Соналы ауылында Соналы жалпы орта білім беретін мектебіне жаңа ғимарат салынып, пайдаланылуға берілуіне орай волейболдан аудандық турнир ұйымдастырылды. Шараға аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев арнайы қатысып, жарысқа қатысушыларды турнирдің ашылуымен құттықтады.
Турнирде Қалдығайты, Жусандыой, Қаратөбе, Қоскөл ауылдық округінен және Соналы ауылынан бес команда өзара бақ сынасатын болады.