Қаратөбе ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы

Жобаға түсіндірме жазба

Қаратөбе ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы

№

Шешім жобасында көрініс табуы тиіс болған мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік органның – әзірлеушінің ақпараты

1

Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы

«Қаратөбе ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

2

Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Үкімет Аппараты басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-10 тармағына сәйкес,

"Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі №181 бұйрығына сәйкес

3

Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі

Жобаны іске асыру үшін қаражат қажет етпейді

4

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы.

Жоба қабылданған жағдайда әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдар туындамайды, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпал етпейді

5

Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері

Өзгерістерге байланысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру

6

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

жоқ

7

Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетін-етілмейтінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы

жоқ

8

Нормативтік құқытық актінің жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны)

Нормативтік құқықтық актінің жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 18.01-02.02.2024 ж орналастырылды (205 кбайт)

9

Әлеуметтік маңызы бар нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазбаны уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру туралы ақпарат

Қаратөбе ауданы әкімдігінің ресми сайтына, Қаратөбе ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің инстаграм парақшасына 18.01.2024 ж орналастырылды

10

Нормативтік құқықтық акті жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі

Сәйкес

11

Нормативтік құқықтық акті жобасының қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптар нәтижелері

Нормативтік құқықтық акті жобасының қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынына әсер етпейді

 

 

 

Қаратөбе ауданы әкімінің орынбасары                               Ж.Сұлтан

Дата публикации
18 января 2024