Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы Д.Оразақаевтың, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Н.Азаматтың қатысуымен 2023 жылдың 29-шы желтоқсан күні аудан орталығындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ы БҚО филиалының Қаратөбе аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімі мен аудандық экономика және қаржы бөліміне мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы бойынша қоғамдық бақылау жүргізілді.
Қоғамдық бақылау барысында мекемелерде мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында пандус, арнайы қоңырау батырмасының орнатылуымен, мекемеге келген қызмет алушыларға арналған «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының» жұмыс істеп тұруына бақылау жүргізілді.