Қаратөбе ауданы бойынша сайланған әкімін тіркеу туралы Қаратөбе аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес, 2023 жылдың 5 қараша  күні Қаратөбе  ауданы әкімінің сайлауы өткізілді.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 45 бабына және 113-11-бабының 1 тармағына сәйкес Қаратөбе  аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 7 қарашадағы № 25 шешімімен «AMANAT» партиясынан ұсынылған 1972 жылы туған  Қаратөбе  ауылының тұрғыны Суйеугалиев Кадыржан Орынбасарович  Қаратөбе   ауданының  әкімі болып тіркелді.

                   

Қаратөбе  аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
07 ноября 2023