
Ағымдағы жылдың 1 маусым күні Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл А.Карменов Қоскөл ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарының сақталуын, сонымен қатар «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 10 бабына сәйкес мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамаларын сақтауға міндетті, сонымен қатар аталған Заңның 4 бабына сәйкес Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет құқықбұзушылыққа төзбеушілік қағидатына негізделгені жөнінде профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.