Аудандық дербес бөлім басшыларының қатысымен кеңес өткізілді

Ағымдағы жылдың 25 мамыр күні аудандық дербес бөлім басшыларының қатысымен кеңес өткізілді.

Кеңес барысында аудан әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл А.Карменов кеңеске қатысушыларды БҚО Әдеп жөніндегі кеңеспен жүргізілген мониторинг қорытынсын таныстырып, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Заңының және Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасының Конституциясын, қолданыстағы заңнамаларды сонымен қатар қызмет және қызметтен тыс уақыттарда жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормалардың соның ішінде автокөлік құралын басқару кезінде жол ережелерін қатаң сақталуын қамтамасыз ету қажеттігін атап көрсетті.

Дата публикации
31 мая 2023