Аудан әкімі аппаратының қызметкерлерімен кеңес өткізілді

Ағымдағы жылдың 13 сәуір күні аудан әкімі аппаратының қызметкерлерімен кеңес өткіздім.

Жиын барысында аудан әкімі аппаратының 2023 жылғы 1 тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстар және алдағы уақытта атқарылуға тиіс міндеттер талқыланды.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға енгізілген өзгерістерге, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарына сәйкес жұмыстан тыс уақытта ресми мінез-құлықтарды сақтау, орындаушылық тәртіп, ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргіздім.

Дата публикации
14 апреля 2023