Қаратөбе ауданы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 2023 жылдың 1 тоқсанындағы есебі

Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының

мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша

талдамалық анықтама

 

  1. Жалпы ақпарат

2023 жылдың 1-ші тоқсанында 1892 қызмет көрсетілді.

Соның ішінде,

  • көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны - 1
  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 102
  • көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) саны - 0

-    көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 0

-    Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген - 92

 

Электрондық түрде көрсетілген қызметтер саны:

  • egov.kz портал арқылы - 92
  • elicense.kz порталы - 55
  • Ақпараттық жүйелер арқылы (Рынок труда, ИС Загс, Есобес, Соц.помощь, kezekte.kz) – 1550

 

Есепті кезеңде 18 мемлекеттік қызмет көрсетуден негізді бас тартылды.

Мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің
саны – 0.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны 7, оған
142 тұрғын тартылды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілік арттыру курсынан өткен тұлғалар саны – 6.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы
8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидалары негізінде 1 ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді.

Есеп
Дата публикации
07 апреля 2023