Комиссия отырысы өткізілді

         Қаратөбе ауданы әкімі аппаратында Қаратөбе ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы оздырылды.

         Комиссия отырысына Комиися мүшелері, аудан прокуратурасының прокуроры, округ әкімдері қатысты.

          Күн тәртібінде кәмелетке толмағандар арасында діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған жұмыстар туралы, Қолайсыз, толық емес (өгей әкесімен және өгей шешесімен бірге тұратындарды қоса алғанда), әлеуметтік  осал отбасыларды әлеуметтік зерттеу, жағымсыз жағдайлардың алдын алу шаралары туралы, Кәмелетке толмағандардың панасыз, қараусыз қалуының алдын-алу, өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларды анықтау, қолайсыз отбасылардың жағдайлары туралы және Қолайсыз отбасы балаларын және тұрмысы нашар отбасынан шыққан кәмелетке толмағандарды үйірме, секция, клубтарға тарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру тақырыптары бойынша мәселелер талқыланды. Комиссия отырысында аудандық білім беру бөлімі, аудандық ішкі саясат бөлімі, аудандық полиция бөлімі және Қаратөбе колледжінің өкілдері атқарылған жұмыстары және алдағы атқарылатын жұмыстары туралы хабарламалар жасалды.  

         Аталған хабарламалар бойынша комиссия мүшелері мен прокуратура өкілі тарапынан ұсыныстар берілді. Аталған ұсыныстар комиссия қаулысына енгізілді.

Дата публикации
28 марта 2023