Хаттама (20.02.2023)

 

Қаратөбе ауданы әкімдігі отырысының

ХАТТАМАСЫ

 

Қаратөбе ауылы                              №  7               «20» ақпан  2023 жыл

 

Отырыс төрағасы:                             Қ.О.Сүйеуғалиев – аудан әкімі

 

Сұлтан Ж.К. – аудан әкімінің орынбасары, әкімдік мүшесі

Карменов А.Г. – аудан әкімі аппаратының басшысы, әкімдік мүшесі

Нұрмағамбетов Б.Б. – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы, әкімдік мүшесі

Мұханов Қ.М. – аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы, әкімдік мүшесі

Кариев М.Ғ. – аудандық тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, әкімдік мүшесі

Омарова С.Ш.-аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы, әкімдік мүшесі

Губайдуллина В.Ш. – аудан әкімі аппараты бірыңғай персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) және мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің бас инспектор-заңгері, әкімдік мүшесі

 

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

(Күн тәртібі қоса беріліп отыр)

  1. Қаратөбе ауданы бойынша ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы (баяндамашы: Б.Нұрмағамбетов – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы)
  2. «Қаратөбе аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне су құбырының құрылысын жүргізу және оған қызмет көрсету үшін жер телімін беру туралы  

      Баяндамашы: аудандық жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы А.Пазылова

  1. «Жандос» шаруа қожалығына жер учаскесіне пайдалану құқығының мерзімін ұзарту туралы

      Баяндамашы: аудандық жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы А.Пазылова

        4. Қаратөбе ауданы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын 2023 жылдың наурыз-маусым және қыркүйек – желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамассыз ету туралы

        Баяндамашы: аудан әкімі аппаратының бірыңғай персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) және мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас инспектор-заңгері В.Губайдуллина.

       5. Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 29 сәуірдегі №81 «Арнайы комиссия құру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

        Баяндамашы: аудан әкімі аппаратының бірыңғай персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) және мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас инспектор-заңгері В.Губайдуллина.

         Қаулылар бірауыздан қабылданды.

         Ұсыныстар мен ескертулер жоқ.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудан әкімдігі мүшелерімен қаралған қаулы жобасы осы хаттамаға жалғансын.

 

Төраға                                                          Қ.Сүйеуғалиев

 

                Орындаған                                                  В.Губайдуллина

Дата публикации
01 марта 2023