Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылы 13 наурыздағы №27 өкімімен бекітілген «Қазақ әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру» бойынша іс-шаралар жоспарының 22-тармағына сәйкес кириллицадан латын графикасына қайта кодтаушы бағдарламасының жалпыға қолжетімділігін және жаппай енгізілуін қамтамасыз ету мақсатында «Qazlatyn.kz» сайты ашылды.
Осыған орай, ережелер мен қайта кодтаушының онлайн нұсқасын (https://www.qazlatyn.kz/converter/text) сілтемесінен таба аласыздар.