42500 теңге әлеуметтік төлемді алуға өтініш беру

Достар!

Біз бүгін 42500 теңге әлеуметтік төлемді алуға өтініш беруге арналған Телеграм-ботты іске қостық. Telegram мессенджеріне кіріп, іздеу жолағына @Help42500Bot атауын енгізу арқылы арнайы ботты таба аласыз. Өтініш беру процесін барынша жеңілдетуге тырыстық.

Барлық байланыс арналары туралы айтатын болсақ, наурыздың 28-інен бастап www.egov.kz порталы мен www.42500.enbek.kz сайты арқылы 1 125 000-нан астам қазақстандық өтініш берді.

Бұдан өзге, 300 мыңнан астам азаматқа әлеуметтік төлемнің проактивті тәсілмен тағайындалуына байланысты 1414 нөмірінен IBAN шотын ұсыну туралы SMS-хабарлама жолданды. 95 мыңнан астам адам өз деректерін көрсетіп, келген СМС-хабарламаға жауап қайтарды.

Келіп түскен барлық деректер мен өтініштерді төлем тағайындау жөнінде шешім қабылдау үшін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіндегі әріптестерімізге жолдадық.

Дата публикации
06 апреля 2020