2019-2021 жылдарға арналған жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) ауыл халқы мен жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін көзделген.
Сулыкөл ауылдық округі аудан орталығынан 40 шақырым қашықтықта орналасқан және ауылдық округтің орталығы болып табылады. 2019 жылғы 1 қаңтардағы халық саны 2139 адамды құрайды.
Ауылдық округ бойынша Сулыкөл ауылында қазіргі таңда 1 шаштараз, 5 азық-түлік дүкені, 1 ауылшаруашылы техникаларын жөндейтін шеберхана және Үшана ауылында 4 азық-түлік дүкені, Төлен ауылында 2 азық-түлік дүкендері тұрғындарға қызмет қөрсетуде. Округте 46 (қырық алты)-ШҚ, 4 (төрт) несие серіктестігі, 28 (жиырма сегіз) жеке кәсіпкер тіркелген.
Мал шаруашылығы - шаруа қожалықтары қызметінің негізгі түрі.
Өсімдік шаруашылығы – «Әділғазы», «Жанбақ», «Жарылғас», «Дана» шаруа қожалықтары мал шаруашылығымен қатар, қосымша бау-бақша, көкөніс өсірумен айналысады.
Бағдарлама экономикалық көрсетілетін қызметтерді, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынуға, жұмыссыздықтың азаюына, жаңа жұмыс орындарын құруға байланысты және т. б. мәселелерді қозғайды.